ҚР Байланыс және ақпарат министрі журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

АСТАНА. 24 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанның байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев журналистерді келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Журналистер - қоғамның белсенді күші». Себебі, билік те журналистер де халық үшін қызмет істейді», - деп жазған министр Twitter-дегі парақшасында.