«Сіздер бұл роликті алғашқы болып тамашалайсыздар. Теледидарға ол тек бірнеше аптадан кейін шығады. Егер сіз электрондық сандық қолтаңбаны алмаған болсаңыз, бейнесюжетті көргеннен кейін сіз оны міндетті түрде аласыз», деп жазған өзінің жеке блогында ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев.
Бейнесюжет «электрондық үкімет» бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру мақсатында жасалды. Онда электрондық сандық қолтаңбаның не екендігі, не үшін керектігі және оны қалай алуға болатындығы туралы айтылады.
БАМ-ның мәліметі бойынша, осы күнге дейін барлығы 486 945 электрондық қолтаңба берілді.