ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Интернет тарифтерін жоспарлы түрде төмендету жұмыстарын жалғастырады - А.Жұмағалиев

АСТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат - ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділік инфрақұрылымын дамыту және тарифтерді жоспарлы түрде төмендету жұмыстарын жалғастырады. Бұл туралы ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев ҚР мемлекеттік органдары басшыларының http://blogs.e.gov.kz/blogs/Zhumagaliev_a. сайтындағы ресми блог-тұғырнамасында хабарлады.

«Біз интернетке кіру инфрақұрылымын ең жаңа инфокоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып дамыту жұмысын, әрине, жалғастырамыз және тарифтерді жоспарлағандай төмендетіп отырамыз», - деп атап өтті министр өзінің блогында.

Министрдің жазуына қарағанда, операторларды толғандыратын сұрақтардың бірі - 3G байланыс қызметінің енгізілуі. «Біздің пайымдауымызша, бұл стандартты енгізуге байланысты Интернет желісінің пайдаланушылар саны көбеюі тиіс. Қажетті жиілік диапазон босатылды, бірақ операторлар радиожиілік спектрмен пайдалануға, керекті соманы бюджетке төлемгендіктен, рұқсат алған жоқ», - деп атап өтті А.Жұмағалиев. - «Олардың ойынша, төлемнің мөлшері (баға- агенттіктің ескртпесі) өте үлкен. Біз жағдайды түсініп, қазір бұл мәселені тиісті мемлекеттік органдармен қарастырып жатырмыз. Бірақ, мен бірнеше рет айтқанымдай, ұялы байланыс компанияларынан, тарифтерді төмендету сияқты қадамдар күтемін», - деп атап өтеді министр.

Бұл жайында толық ақпаратты http://blogs.e.gov.kz/blogs/Zhumagaliev_a сайтынан оқи аласыздар.