ҚР Байланыс және ақпарат министрлігіне бағынышты телерадиотарату кәсіпорындары қайта құрылады

None
АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Гүлнара Жандағұлова/ - ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі өзіне бағынышты телерадиотарату кәсіпорындарын қайта құрады, деп хабарлады министр Асқар Жұмағалиев өз блогында.

«Шындығында да, Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі телерадиотарату жүйесінің барлық құрылымын қайта ұйымдастыру мәселесін ойластыруда», - деп хабарлады А.Жұмағалиев өзінің блогына келіп түскен сұраққа жауап бере отырып.

«Біз бұл мәселенің маңыздылығын түсінеміз, сондықтан аталмыш шараны жүзеге асыру кезінде стратегиялық қателіктерді болдырмау үшін құрамына Министрліктің, «Зерде» «Ұлттық инфокоммуникациялық орталық» АҚ, «Қазтелерадио» АҚ, «Кателко» АҚ және «Қазсатнет» АҚ басшылары мен мамандары енген жұмыс тобы құрылды»», - деп нақтылады ведомство басшысы.

Оның айтуынша, қайта ұйымдастырудың мақсаты - «қандай да бір кәсіпорынды жою емес, керісінше, жоғарыда аталған ұйымдардың материалдық-техникалық және адам ресурстарын барынша тиімді пайдалану».

Осымен қатар, деп сендірді министр, жаңа кәсіпорынның кадрлық құрамы қайта ұйымдастырылған компанияның ресурстары негізінде құрылады.