ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Ситуациялық орталығы таныстырылды

ТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Ситуациялық орталығының таныстырылымы өтті.

Орталық «бейне-онлайн» режімінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын бақылауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда аталған орталыққа Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының 51 халыққа қызмет көрсету орталығы қосылған. Министрлік жыл соңына дейін олардың санын 161-ге жеткізбек.

Сонымен қатар ол ХҚКО-лардың жұмыстарын бақылаумен қатар бейне-конференциялар ұйымдастырып, ведомстволық мекемелермен кеңес өткізуге, ХҚКО қызметкерлерін қашықтан тұрақты түрде оқытуға мүмкіндік береді. Болашақта орталық және жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының бейне-конференция байланысы арқылы азаматтарды қабылдауы да ұйымдастырылмақ.

Орталықтың тағы бір мүмкіншілігі мемлекеттік қызметтерді алуға заңды және жеке тұлғалар берген өтініштердің санын есепке алып, оның орындалуын шынайы уақыт режімінде қадағалауға жол ашады.