деп хабарлады ҚР БҒМ Жастар ісі жөніндегі комитеті төрағасының м.а. Нұрлан Өтешов Pm.kz сайтына берген сұхбатында.
«Аталған жастар саясатын дамыту Тұжырымдамасының жастардың өздерінің қатысумен әрі жастардың неғұрлым көп бөлігінің қатысуымен дайындалуы біз үшін өте маңызды. Ол үшін өз ұсыныстарыңызды zhastar2020@mail.kz электронды поштасына салу жеткілікті», - деді Н.Өтешов.
Құжатты әзірлеу үшін республиканың студеттік, оқушылар және басқа да жастар ұйымдарынан ұсыныстар қабылданады.
Аталған Тұжырымдама Қазақстандағы жастар саясатының барлық нормативтік-құқықтық актілері мен бағдарламалық құжаттарына негіз болатын стратегиялық құжат болады деп күтілуде.
Н.Өтешовтың ақпарына қарағанда, әзірленіп жатқан Тұжырымдаманың 3 бағыты болады. Бұл жас қазақстандықтарда патриоттық, адамгершілік және ахлақтық қасиеттерді қалыптастыру; жастардың инновациялық және шығармашылық дамуына қолдау жасау; жастар саясатының институттық дамуы.
Естеріңізге сала кетсек, мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасын жасау тапсырмасын Мемлекет басшысы үстіміздегі жылғы сәуір айында Қазақстан халықтарының ХІХ Ассамблеясында берген болатын.