ҚР Білім және ғылым министрі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де болмақ

АЛМАТЫ. 26 мамыр. ҚазАқпарат - Ертең ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болады.

Сапар барысында министр механика-математика факультетінің жаңа оқу ғимаратымен, университетте атқарылып жатқан инновациялық жобалармен танысып, оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттермен кездесу өткізеді. Кездесу еліміздегі білім жүйесінің болашақта дамуына бағытталған.