«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп ұлы Абай айтқандай, қазақ қай заманда болмасын ұстазды ерекше құрметтеген. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білім саласына ерекше мән беріп,үнемі қамқорлық көрсетіп келеді. Бұл - мемлекеттің даму саясатында сапалы білім мен білікті ұстаздың орны айрықша екенін білдіреді.
Қазір сауаттылық деңгейі жағынан еліміз 177 елдің ішінде 14-шіорында.Ал білімді дамыту индексі бойынша 129елдің ішінде алғашқы төрт елдің қатарындамыз», - деді министр ұстаздарға алғысын білдіріп.
«Мектептің жүрегі - сіздерсіздер, қадірлі ұстаздар! Сондықтан министрлік педагог мәртебесін көтеруді ең басты міндеттердің бірі деп санайды. Құрметті ұстаздар! Сіздерді мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға бақыт тілеймін!» - деді ол.