ҚР Білім және ғылым министрі Варшаваның вице-мэрімен және Польша жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесті

АСТАНА. Сәуірдің 8-і.ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Варшаваның вице-мэрі Влодимеж Пашиньскимен және «Перспектива» аталатын Польшаның білім беру қорын құрайтын елдің ең үздік саналатын 10 университетінің

(Варшава политехникалық университеті, Вроцлав университеті, Пулутуск қаласындағы Ал.Гиштор атындағы гуманитарлық академия, Лазарский атындағы Варшава сауда және құқық институты, Варшавадағы Леон Козьмински атындағы академия, Кардинал Ст.Вышински атындағы университет, Варшава аграрлық институты, қоғамдық психология институты, Краков қаласындағы Ст.Стащица атындағы тау-кен академиясы) басшыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тараптар ғылыми-білім берудің ынтымақтастығын дамыту, екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы сындарлы байланысты жетілдіру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ студенттер алмасудың мүмкіндіктері, ғылыми тәжірибе мен халықаралық стипендиялық бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері сөз болды.«Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы ауқымында Астанада «Польша жоғары оқу орындарының күні» салтанатты жағдайда ашылды, «Перспектива» білім беру қорының өкілдері білім беру бағдарламаларын таныстырды. Олар қазақстандық педагогтармен және студенттермен жекелей әңгімелесті және консультациялар өткізді, астаналық жоғары оқу орындарында және республикалық биотехнологиялар ұлттық орталығында болды.