19:55, 12 Маусым 2009
ҚР Білім және ғылым министрі журналистерге ? байқау лауреаттарына наградалар тапсырды
АЛМАТЫ. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Айгүл Тұрысбекова/ - Бүгін Алматыда ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев «Журналистер – сапалы білім үшін» байқауының лауреаттарына сыйлықтар тапсырды.
Бұл байқауға Орталық Азия университеті бастамашы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Салтанатқа қазақстандық БАҚ басшылары, алматылық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары қатысты. Байқауға бастамашы болған Орталық Азия университетіәнің басшылары білім беру проблемаларының БАҚ-та шынайы жариялануымен қатар отандық білім беру жүйесін реформаларға журналистердің де белсене қатысуына үміт артады. Ж.Түймебаев қоғамда БАҚ-тың рөлі әрқашан да маңызды екенін атап өте отырып, дағдарыс кезінде бұрынғыдан да арта түсетінін айтты. Наградалар республикалық 14 БАҚ өкілдеріне тапсырылды. Марапатталғандардың арасында «ҚазАқпарат» ұлттық компаниясының өкілі ? Алматы тілшілер бюросының жетекшісі Сара Мұстафина бар.