ҚР Білім және ғылым министрлігі: ҰБТ ауыстырылмайды, бірақ тестілеудің форматы өзгереді

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Ұлттық Бірыңғай тестілеудің форматы өзгереді, бұл мәселе жайлы Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі қарастыруда.

«Ұлттық Бірыңғай тестілеу форматын жетілдіру мақсатымен білім беру министрінің бұйрығына сәйкес жұмыс тобы құрылды», -деген осы мәселе жайлы көптеген сұрақтарға жауап берген министр Бақытжан Жұмағұлов өзінің ғаламтордағы жеке блогында.

Жұмыс тобы қарастыратын сұрақтардың бірі ҰБТ үлгісін анықтау болып табылады. «Баламалы нұсқалардың бірі ретінде екісатылы тестілеуден өткізу мәселесі қаралып отыр, сонымен қатар, ұлттық бірыңғай сынақ тапсыру барлығына міндетті болады», - деп түсіндірген білім беру министрі.

Ұлттық тестің қорытындылары орташа білім алғандығы туралы аттестат алуға, «Алтын белгі», үздік аттестат алу құқығын растауға ықпалы ететін болады деп күтілуде. Мемлекеттік білім беру гранттарын алуға ниетті оқушылар міндетті түрде кешенді тестілеуден өтулері керек. Кешенді тестілеуде талапкерлер таңдап алған мамандығына сәйкес бөлінген блок бойынша сынақ тапсыруы керек болады.

Б.Жұмағұловтың сөзіне қарағанда, «бүгінгі таңда ҰБТ-ны алып тастау емес, оның одан әр жетілдіру жөніндегі мәселе туындауда».

«Жалпы алғанда, қазіргі ҰБТ мектеп бітірушілердің білімін тексерудегі объективті құрал болып табылады және де жоғары білім алуда азаматтар алдында бірдей құқықтық мүмкіндіктер береді», - деген пікірде министр.

Қабылданған шешім туралы барлық облыстық білім беру басқармалары мен мектептер хабардар болып, тиісті ақпарат Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайты мен Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің www.educontrol.kz сайттарында жарияланатын болады.