ҚР Бірінші вице-министрі Щучье-Бурабай шипажай аймағын дамыту бойынша қаржыландырудың оңтайлы көлемдерін анықтауды тапсырды

None
АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Бірінші вице-министрі Серік Ахметов Экономикалық даму және сауда министрлігіне, Ақмола облыстық әкімдігі мен Қаржы министрлігіне 30 маусымға дейін Щучье-Бурабай шипажай

 аймағын дамыту бойынша қаржыландырудың оңтайлы көлемдерін анықтауды тапсырды. 

«Қаржыландырдың барлық сомасын қарастырып, сенбі күнге дейін қаржыландырудың оңтайлы көлемдерін анықтауды тапсырамын», - деді Ақмола облысының Бурабай ауданында салынып жатқан туристік нысындар мен кейбір инфрақұрылымдарды аралап болғаннан кейін өткізілген кеңестің қорытындысы бойынша С. Ахметов. 

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары атап өткендей, қаржыландыруға қажетті нақты соманы анықтау керек екендігін, сол арқылы жұма күні 2012-2013 жылдарға арналған қаржыландыруды қарастыруға болатындығын айтты. Қалған мәселелер жүйелі жоспарда қарастыралатын болады.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Эдуард Квятковскийдің берген мәліметтеріне зер салсақ, жалпы алғанда 2012 жылы Щучье-Бурабай шипайжай аймағын дамыту үшін 120,8 млрд. теңге, 2013 жылы - 12,1 млрд. теңге қажет.