ҚР бірінші вице-премьері С.Ахметов ОҚО-ның су басқан аудандарына барады

None
  ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. 1 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР бірінші вице-премьері С.Ахметов жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына келді.

Түркістан қаласында ол Шаға ауылдық округінің көшірілген тұрғындарымен кездесіп, содан кейін аталған округтің су басқан үйлерін қарап шығады. Сондай-ақ Екпінді ауылының көпірі мен бөгетін қарау жоспарланған. Бұдан басқа, С.Ахметов Темірлан ауылының жағдайымен танысып өтеді. Сапарының қорытындылары бойынша ҚР бірінші вице-премьері кеңес өткізеді.