ҚР бірінші вице-премьері С.Ахметов Щучьедегі туристік-ойын-сауық кешенінің құрылысымен танысты
12:40, 28 Маусым 2012
АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет басшысының бірінші орынбасары Серік Ахметов жұмыс сапарымен Ақмола облысының Бурабай ауданына барды.
Сапар коммуналдық сала нысандарын аралаудан басталды - С.Ахметов Щучинск қаласындағы шағынаудандардың біріндегі қазандықтың жағдайымен танысты.
Әңгімелесу барысында жергілікті «Термо-Транзит» мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорнының басшысы Александр Лахтиков жаңа қазандық құрылысының және жылу желілерінің жаңартылуының түйткілді мәселелері туралы баяндап берді. Оның сөздеріне қарағанда, шағынаудандардың біріндегі жылу трассасына 150 млн. теңге, мазуттық қазандыққа - 75 млн. теңге қажет.
Бұдан басқа, С.Ахметов Щучье көліндегі туристік-ойын-сауық кешенінің құрылысын көрді.