Аталған шешім холдинг директорларының кеңесімен 2012 жылдың 20 тамызында қабылданды.
Бұған дейін холдингтің директорлар кеңесінің төрағасы қызметін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков атқарып келген.
«ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ 2006 жылы құрылды. Холдинг оның құрылымына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдинг құрамына «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроГрант» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ кіреді.