«Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын», - делінген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында.
ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің атауы өзгергенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Асқар Жұмағалиев ведомствоны 2018 жылдың желтоқсанынан бері басқарып келеді.