ЕҚЫҰ хатшылығының өкілдері қазіргі уақытта Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының қызметін, соның ішінде ұлттық құқық қорғау институтымен ынтымақтастық аясындағы қызметін бағалауды жүзеге асыруда.
В. Калюжный ҚР Адам құқығы жөніндегі уәкілі, Адам құқығы жөніндегі даниялық институт және Астана қаласындағы ЕҚЫҰ орталығы арасындағы ынтымақтастықта іске асырылған «Қазақстан Республикасындағы адам құқығы жөніндегі уәкілді (омбудсменді) қолдау» атты үшжақты жобасы шеңберінде бірлесе өткізілген іс-шаралар, сондай-ақ, ҚР Адам құқығы жөніндегі уәкіл мекемесін дамытудың келешегі туралы әңгімелеп берді.
Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар біздің елде адам құқығын қорғау саласында әрі қарай ынтымақтастықты жалғастыру қажеттігіне тоқталып өтті.