ҚР-да апта ішінде иіс тиіп уланған 13 жағдай тіркелді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10-17 қазан аралығында республикада иіс тиіп уланған 13 жағдай орын алды. Бұл ретте 2 адам қаза тапты, 24 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚР ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Шығыс Қазақстан облысы: 10 қазанда 23.04-те Өскемен қаласында жекеменшік тұрғын үйде қатты отынмен жылытылатын пештің ақауы салдарынан 1966 жылы туған азаматша ауруханаға жатқызылды.

Алматы облысы: 11 қазанда сағат 08.53-те Ескелді ауданы, Қарабұлақ кентіндегі жеке үйде қатты отынмен жанатын пештен ақау шығып, 1971 ж., 1975 ж., 1992 ж., 2002 жылдары туылған отбасы мүшелері иіс тиіп, ауруханаға жатқызылды.

Шығыс Қазақстан   облысы: 11 қазанда сағат 12.47-де Ұлан ауданы Қ. Қайсенов атындағы кент, «Эдельвейс» селосында саяжайдағы үйде  қатты отынмен жанатын пештен ақау шығып,  2016 және 2014 жылы туған екі бала түтінге уланып, ауруханаға жатқызылды.

Астана қаласы: 11 қазанда сағат 17.25-те Сарыарқа ауданында жекеменшік үйде қатты отынмен жанатын пештен ақау шығып, 1952 жылы туған азаматша иіс тиіп, ауруханаға жатқызылды.

Шығыс Қазақстан облысы: 13 қазанда сағат 13.26-да Өскемен қаласында жекеменшік үйде қатты отынмен жанатын пештен ақау шығып, 1986, 1975, 1977 жылдары туылған отбасы мүшелері иіс тиіп уланып, ауруханаға жеткізілді.

СҚО: 13 қазанда сағат 16.15-те Ғ. Мүсірепов ауданы, Чистополье ауылында жекеменшік үйде қатты отынмен жанатын пештен ақау шығып, 1982 жылы туған азаматша иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді.

Алматы облысы: 14 қазанда сағат 00.40-та Іле ауданы, ҚазЦик ауылында қатты отынмен жанатын пештен ақау шығып, 2011 жылы туған бала және 1977 жылғы отбасы мүшесіне иіс тиіп, ауруханаға жатқызылды.

Қызылорда облысы: 14 қазанда сағат 09.20-да Қызылорда қаласы, Сабалақ бақша қоғамында қатты отынмен жанатын пештен ақау шығып, 2015, 2011 жылы туған балалар түтіннен уланып, ауруханаға жеткізілді.

Жамбыл облысы: 14 қазанда сағат 15.55-те Қордай ауданы, Қодай ауылында жекеменшік үйде табиғи газбен жанатын пештен ақау шығып, 1935, 1951 жылдары туылған азаматтар оқиға орнында көз жұмды.

ШҚО: 14 қазанда сағат 18.20-да Семей қаласында Бөкенші селосында жекеменшік үйде қатты отынмен жанатын пештен ақау шығып,  1948, 1949 жылдары туған азаматтар иіс тиіп уланып, ауруханаға жеткізілді.

ШҚО: 15 қазанда 05.35-те Өскемен қаласында жекеменшік үйде қатты отынмен жанатын пештен ақау шығып, 1958 жылы туған азаматшаға иіс тиіп, ауруханаға жатқызылды.

  Жамбыл облысы:    15 қазанда сағат 09.50-де  Қордай ауданы, Қордай ауылында жекеменшік үйде қатты отынмен жанатын пештен ақау шығып, 1991, 2008, 2009, 2014 жылдары туған отбасы мүшелері түтіннен уланып, ауруханаға жатқызылды.

ШҚО: 16 қазанда сағат 09.32-де Глубоковское ауданы Степное селосында «Наука» бақша қоғамында саяжайдағы үйде қатты отынмен жанатын пештен ақау шығып, 1973 жылы туған азаматша иіс  тиіп, ауруханаға жеткізілді.

Техникалық ілгерілеуге қарамастан,   әлемде  иіс тиіп улану проблемасы  өзектілігін жоғалтатын емес, деп атап өтеді ТЖК. Қауіпті газдың иісі мен түсінің болмауын, өлімге әкеп соққан жағдайдың жоғары пайызын ескерсек,  иіс тиіп уланған кезде алғашқы көмек көрсету дағдыларын игеру қажеттігі туындайды. Пеште от жағу кезіне тұрбаның тазалығын тексеріп, үйді желдетіп  немесе желдеткішті қолдану қажет.