ҚР-да ауа райының тұрақсыздығы сақталады, кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады - 30 шілдеге арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде күн райы ашық болады деп күтілуде, тек елдің батыс, солтүстік-батыс және шығыс бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады, кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, ұйытқыған жел соғады, шаң көтеріліп, дауыл тұрады, жекелеген аудандарда тұман түседі.

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.

Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарында, түнде - Маңғыстау облысында кей жерлерде желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтілуде, Батыс Қазақстан облысында шаң көтеріліп, дауыл тұрады.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Қызылорда, Қарағанды облыстарында күндіз қатты ыстық сақталады.

Батыста, оңтүстікте, орталықта, оңтүстік-шығыста кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Жақын тәуліктерде Алматы облысының жекелеген таулы өзендерінде су шығыны ұлғаяды деп күтілуде. Республиканың оңтүстігі, шығысының өзендерінде су деңгейінің тұрақсыздығы байқалады. Қазақстанның жазық аумағының өзендерінде гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.