Жексенбі, 19 тамыз күні Ақтөбе облысында карьер суына шомылу кезінде 12 жасар ер бала суға батып кетті. Оның денесін жағаға ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық ТЖД-нің Қарғалы аудандық ТЖБ-нің қызметкерлері алып шықты.
Атырау облысындағы Жем өзенінде жексенбі күні 19 жасар жас жігіт батып кетті. Оның денесі судан ҚР ТЖМ Атырау облыстық ТЖД судан құтқару қызметіндегі 3 адам мен 1 техника бірлігінің көмегімен шығарылды.
Сол күні Семейдегі Ертіс өзенінде 18 жастағы ер жігіт суға батып кетті. Оның денесі ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД-нің судан құтқару қызметіндегі 2 адам мен 1 техника бірлігінің күшімен шығарылды.
Жексенбі, 19 тамыз күні сенбіде Ақмола облысының Бірсуат су қоймасында батып кеткен балықшының мүрдесі табылды. Оны жағаға ҚР ТЖМ «Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» ММ-нің қызметкерлері алып шықты.