ҚР-да биылғы оқу жылына білім гранттарын иелену конкурсына 91 мыңнан астам адам қатысты

АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2011-2012 оқу жылына білім гранттарын иелену конкурсына 91 018 адам қатысты, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің мәліметтері бойынша, әсіресе «Қаржы», «Халықаралық қатынастар», «Юриспруденция», «Жалпы медицина», «Фармация», «Медбике ісі», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтарына сұраныс көбірек болған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2011-2012 оқу жылына жоғары білімді мамандар даярлауға мемлекеттік білім тапсырысы 36 046 грантты құрады, оның ішінде күндізгі оқыту түріне - 35 046, сырттан оқытуға - 1000 грант бөлінді.