«Атап айтқанда, «Алматы» шекаралық бақылау отрядының бақылаушылары № КС 929 рейсі бойынша «Алматы-Гонконг» бағытымен ұшқалы тұрған Гонконгтың он азаматын ұстауға мәжбүр болды. Тексере келгенде елдеріне бара жатқан азаматтардың тіркеу құжаттары дұрыс болмай шықты.
Аталған құжат бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Заң бұзушылар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 394-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жазаға тартылды»,- деп жазылған хабарламада.