Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 2017 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 11,8 процентке, ал өткен жылдың қазанына қарағанда 11,2 процентке жоғарылаған.
Оның құрамында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығындар үлесі 18,7, сүт, кілегей өнімдері мен жұмыртқаға - 14,6, жемістер мен көкөністерге - 12,7, нан және жарма өнімдеріне - 6,9, қант, шай және дәмдеуіштерге 2,1 процентті құрады.