ҚР-да қаза тапқан әскерилердің мәйітін тасымалдау, жерлеу, құлпытас дайындау шығындарының мөлшері белгіленді

None
АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде алған мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан қайтыс болған әскери қызметшілердің,

әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілердің мәйітін тасымалдауға дайындаумен, мәйітті тасымалдаумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты шығыстарды өтеу мөлшері белгіленді, деп хабарлады ресми БАҚ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2012 жылдың 19 сәуірінен,  №493 бұйрық

Әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде алған мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан қайтыс болған әскери қызметшілердің, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілердің мәйітін тасымалдауға дайындаумен, мәйітті тасымалдаумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін белгілеу туралы

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 51-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде алған мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан қайтыс болған әскери қызметшілердің, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілердің мәйітін тасымалдауға дайындаумен, мәйітті тасымалдаумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты шығыстар айлық есептік көрсеткіштің сексен еселенген мөлшерінде белгіленсін.
2. «Әскери қызметті өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілердің мәйіттерін жеткізуді әзірлеуге, мәйіттерін жеткізуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 ақпандағы №174 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004ж., № 8, 99-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.