Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2011 жылдың 23 желтоқсанынан №1589 бұйрық
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 77-бабы ның 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары республикалық БАҚ-да жарияланғды.