Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығы
2011 жылғы 4 сәуір, №135
Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың бұйрығымен Төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар жүйесiнің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабын және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 қаулысы басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар жүйесiнің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Кадрлық қамтамасыз ету департаменті осы Бұйрықты әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Министрліктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары осы Ережені зерделеуді үйымдастырсын және күнделікті қызметте мүлткісіз қолданылуын қамтамасыз етсін.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
«Төтенше жағдайлар жөніндегі органдар жүйесі мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің 2002 жылғы 19 маусымдағы № 468 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1912 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде», 2002 ж. жарияланған, № 34, 674-құжат);
«Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде тіркелген № 1912 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің 2002 жылғы 19 маусымдағы № 468 «Мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын төтенше жағдайлар жөніндегі органдар жүйесі мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу Ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 17 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2698 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде», 2004 ж. жарияланған, 13-16 914-құжат).
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы С.Қ. Окасовқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі В.БОЖКО.
------------
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 13 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7005 болып енгізілді.