ҚР-дағы АҚШ елшісі Джордж Крол Өскеменге барады
Бүгін кешке ол 2003 жылы А.С.Пушкин атындағы кітапхана жанында "Қазақстандағы Американың бөлшегі" ретінде ашылған орынға барады.
Кітапхана әкімшілігінің ақпаратынша, Өскеменде елшімен кездесу АҚШ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынас орнатылуының 25 жылдығына орайластырылды.
«Қазақстандағы Американың бөлшегі" ретінде орын ашу бойынша АҚШ Мемдепартаментінің бағдарламасы іске қосылған алғашқы кітапхана атандық. Бұл серіктестік жобасы тұрақты түрде дамып келеді. 18 маусымда америкалық елшінің қатысуымен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған 2 жылдық ағылшын тілі курстары тыңдаушыларының түлектер кеші өтеді. Онда сертификаттар табысталып, мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады. Джордж Крол жиылғандар алдында сөз сөйлеп, кейін келушілердің сұрақтарына жауап береді», - делінген А.С.Пушкин атындағы кітапхананың ақпараттық хабарламасында.