ҚР-дағы сайлау қорытындысы - бұл Н.Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізілген ел жетістіктеріне берілген жоғары баға - Ирак Президенті Джаляль Талабани

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Ирак Республикасының Президенті Джаляль Талабани құттықтады.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Сайлау қорытындысы Сіздің басшылығыңызбен елдегі қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық және мәдени жетістіктерге Қазақстан халқының берген жоғары бағасы деп есептейміз.

Біз халықтарымыздың ізгілігі мен мүддесі үшін екі ел арасындағы мәдени, экономикалық және саяси салалардағы қарым-қатынасты кеңейтуге дайын екендігімізді қуаттағымыз келеді.

Ирак Республикасының Президенті

Джаляль Талабани