«Біздің бюджетіміз шамамен 20-30 млн. теңге мөлшерінде белгіленген. Дегенмен, бұл бюджеттің басым бөлігі байқаушылардың құқықтары мен міндеттері көрсетілген арнайы нұсқаулық шығаруға жұмсалады. Сонымен қатар біз өзіміздің байқаушыларымызға арнап, шағын бейне ролик те шығаратын боламыз», - деді ол.
Оның атап өтуінше, бұдан бөлек бюджет шығыстарына комиссия мүшелерінің өңірлерге іссапар шығындары, біркүндік тамақтануы және ұялы байланыс қоңырауларына арналған шығыстар кіреді.
«Бұл көп қаржы емес. Біз әрбір байқаушыға 3 мың теңгеден төлейміз. Қазіргі уақытта біздің іс-әрекетімізге қолдау білдіргісі келетін азаматтармен байланысқа шығудамыз әрі көмек бергісі келетін адамдар да бар. Өз ісімізді ертең ешқандай айыптаулар болмайтындай шынайы ниетпен атқарғымыз келеді», - деді Н.Ерімбетов.