Кеңес барысында министрлік мамандары жеке және заңды тұлғалардан ведомствоға және министрдің блогына келіп түскен шағымдарына жүргізген мониторингтің нәтижесі қаралды.
Мәселен, министрліктің таратқан мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылы қоғамдық қабылдауға телефон арқылы хабарласқандардың және блогқа хат жазғандардың саны артқан. Шағымдардың құрылымында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпараттардың саны артып отыр. 2010 жылы барлық шағымдардың 4,65 пайызын, 2011 жылы 13,2 пайызын құрады.
2011 жылы жеке және заңды тұлғалардың хаттары негізінде Денсаулық сақтау министрлігі құқық қорғау органдарына 300-ден астам материалды жіберді.
Кеңес барысында өтап өтілгендей, хаттар санының көбейюі халықпен жергілікті жерде дұрыс жұмыс жасалмайтындығынан болып отыр. Кеңес соңында науқастардың құқықтарын қорғау бойынша өңірлік штабтардың жұмысын күшейту ұсынылды. Науқастардың құқықтарын қорғау бойынша кеңестің кеңейтілген отырысын ағымдағы жылдың қыркүйегінде өткізу жоспарлануда.