ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Египеттің жаңадан тағайындалған елшісімен кездесті

АСТАНА. 22  қазан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Египет Араб Республикасының Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті елшісі Набила Ибраһим Салам Фарханмен кездесті.

Кездесу кезінде тараптар 2003 жылғы 2 шілдеде қол қойылған «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетімен үкіметаралық келісім ауқымындағы жемісті ынтымақтастықты атап өтті, деп хабарлады ҚР ДІА-нің   баспасөз қызметі.

Қайрат Лама Шариф египеттік елшіні мұсылмандардың қасиетті мерекесі - Құрбан айтпен құттықтады және оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың араб  тіліндегі «Қазақстандық жол» кітабын тарту етті.