Ғалымова Әлия Қайратқызы 1970 жылдың 18 шілдесінде Павлодар қаласында дүниеге келген. 1987-1992 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде Саяси-әлеуметтік пәндер оқытушысы мамандығы бойынша білім алған. Тарих ғылымдарының кандидаты; 1992-1994 жж. Павлодар қаласындағы Қазақ-Герман техникалық бизнес-колледжінде тарих пәнінің оқытушысы; 1995-2003 жж. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушы; 2000-2003 жж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы; 2003-2008 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде бас сарапшы, бөлім меңгерушісі, әлеуметтік-саяси бөлім басшысының орынбасары; 2008-2010 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 2010-2012 жж. Павлодар облысы әкімінің орынбасары; 2012-2015 жж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы болып қызмет етті.
Қазақстан Парламенті V шақырылымының депутаты.
2016 жылы - «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.