ҚР дипломатиялық қызмет органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттары бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілді. «ҚазАқпарат» ХАА құжаттың толық мәтінін ұсынады.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бұйрығы №11-1-2/177

 

2015 жылғы 8 мамыр,  Астана қаласы

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1 - қосымшасына сәйкес «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрықтың 2 - қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) осы бұйрықтың 3 - қосымшасына сәйкес «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) осы бұйрықтың 4 - қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) осы бұйрықтың 5 - қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) осы бұйрықтың 6 - қосымшасына сәйкес «Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) осы бұйрықтың 7 - қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) осы бұйрықтың 8 - қосымшасына сәйкес «Консулдық заңдастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9) осы бұйрықтың 9 - қосымшасына сәйкес «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
10) осы бұйрықтың 10 - қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа құжатты жасау немесе куәландыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
11) осы бұйрықтың 11 - қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңiз наразылығы туралы акт жасау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
12) осы бұйрықтың 12 - қосымшасына сәйкес «Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы        Р.ЖОШЫБАЕВ.

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі        Ә.ИСЕКЕШЕВ
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі                        Е.ДОСАЕВ

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11646 болып енгізілді.

Құжаттың қосымшалары республикалық БАҚ-тарда жарияланады.