ҚР ДСӘДМ: Қазақстанның әрбір тұрғынына 25 мың теңгеден беру туралы ақпарат жалған
04:07, 14 Қазан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай еліміздің әрбір тұрғынына бір мезгілдік көмек ретінде 25 мың теңгеден беру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Парламентінің 2016 жылдың 1 қарашасындағы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай республиканың әрбір тұрғынына 25 мың теңгеден беру туралы заң жобасын бекітіп қойғандығы туралы кейбір веб-сайттар мен интернет порталдары және WhatsApp мессенджерлері арқылы тарап жатқан ақпарат шындыққа сай емес»,-делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қызметіне қатысты барлық нақтыланған мәліметтер mzsr.gov.kz. сайтында жарияланады.