ҚР ДСМ Ақмоладағы жол апатынан зардап шеккендер туралы ақпарат берді

АСТАНА. KAZINFORM — Астана-Щучье тас жолындағы жаппай апаттан кейін 9 адам емдеуге жатқызылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баяндады. 

Фото: pixabay.com

Зардап шеккендер үш ауруханаға – Ақкөл, Бұланды аудандық ауруханаларына және Авиценна ЖШС-ға емдеуге жатқызылды.

— Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы мен Астана және Ақмола денсаулық сақтау басқармасының деректері бойынша медициналық көмекке 20 адам, 18 жасқа дейінгі 8 бала жүгінді. 9 адам емдеуге жатқызылды, оның ішінде 1 бала және 11 адам тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық емделуге жіберілді, - деп жазылған министрлік жауабында. 

Барлық зардап шеккендерге соғылу және сүйек сынығы диагнозы қойылды. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде деп бағаланады. Барлығына толық көлемде қажетті көмек көрсетіліп жатыр. 

Бұған дейін «Астана-Щучье» тас жолында жаппай көлік апаты болғаны хабарланған еді.