ағымдағы жылғы қыркүйекте әлемде Батыс Ніл безгегімен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай сақталып отырғанын хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, Батыс Ніл безгегінің вирусын масалар таратады әрі толық зерттелмеген қоздырғыш болып табылады. Ауру безгектікпен ми қабықтарын асқындырып, сілекейлі қабықшаларды зақымдаумен, лимфаденопатиямен сипатталады. Ауруларды болдырмау және бақылау жөніндегі еуропалық орталықтың (ECDC) деректері бойынша Еуроодақ елдерінде жазғы маусым басталғалы бері инфекцияның 115 жағдайы тіркелген. Эпидемиялық үдеріс Грекия, Израиль, Румыния, Сербия, Италияда байқалады. Ал АҚШ-тың ауруларды бақылау және болдырмау жөніндегі орталығының (CDC) ресми ақпараты бойынша жалпы алғанда елде Батыс Ніл безгегінің зертханалық расталған 1993 жағдайы тіркелген, оның ішінде 87-і өліммен аяқталған. Аурудың барлық тіркелген жағдайларының 70%-дан астамы мемлекеттің оңтүстік бөлігіндегі 6 штатта орын алды.
Ресейдің 15 өңірінде, әсіресе Оңтүстік және Орталық федеральдық округтерінде аурудың 326 жағдайы тіркелді. Неғұрлым қарқынды эпидемиялық үдеріс Волгоград, Астрахань, Ростов, Воронеж және Липецк облыстарында өтуде. Ауру су қоймаларына жақын табиғи аймақтардың, осы учаскелердегі қалалық бөліктеріндегі тұрғын үй ғимараттарының жертөле үй-жайларының қанағаттанғысыз жағдайларындағы масалардың шағуымен байланысты.
«Осыған байланысты Қазақстанда инфекцияның әкелінуіне және таралуына жол бермеу мақсатында Комитеттің аумақтық департаменттері эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізуде. Мамандандырылған мекемелер су қоймаларында өңдеу жүргізуде, жергілікті атқарушы органдар бақылауымен рекреакция аймақтарын, халық демалатын орындарды тазарту, елді мекендерді көгалдандыруды жүзеге асыруда. Адамдардың материалдарын Батыс Ніл вирусына индикациялау бойынша жұмысты ұйымдастыру және зертханаларды жарақтандыру шаралары қабылданды», - делінген баспасөз айғағында.