Кеңес барысында 2011 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы ана мен сәби өлімі мәселесінің жағдайы, ҚР-да неонаталды хирургияны дамыту бағдарламасының жобасы, ми- қан айналым жүйесінің жедел бұзылуы және тағы басқа мәселелер қаралды.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ана өлімінің көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда - 39, сәби өлімі 15 пайызға төмендеді. Өткен жылмен салыстырғанда жүктілік кезінде болған аурулардан көз жұму фактілері 2 есеге дерлік азайды. Ал жасанды түсіктен кейінгі асқынулардан қайтыс болу оқиғалары тіркелген жоқ. Сондай-ақ, 2010 жылдың аталмыш кезеңіне қарағанда, әйелдердің жүктілік кезінде қаза болуы оқиғаларының арасында акушерлік қан кетуден болған жағдайлар 2 есеге дейін азайды. Онымен бірге, ҚР ДСМ-ның атқарған шараларының нәтижесінде әйелдердің пневмониядан көз жұмуы 2 есеге төмендеді.
Жүрек бұлшық етінің жансыздануы мен ми- қан айналымы жүйесінің бұзылуынан болатын өлімдерді азайту мақсатында Астана және Алматы қалалары бойынша Денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына науқастарға медициалық көмектерді шұғыл түрде көрсетіп отыруға тапсырма берілді. Сонымен бірге, өңірлік инсульттік орталықтар құру мәселесі қаралды.