Бұл туралы primeminister.kz порталы хабарлады. «Электрондық денсаулық төлқұжатының негізінде науқастың жеке кабинетін құру жоспарланған, ол жерден әркім жеке денсаулығы, дәрігерге бару қажеттігі туралы ескерту алып, скринингтен немесе кәсіби процедурадан өте алады», - деді Б.Төкежанов.
Оның айтуынша, 2020 жылға қарай Қазақстанда электрондық денсаулық сақтауды қалыптастыру автоматты түрде уақытылы, өзекті, дұрыс және толық ақпарат алуға, ең алдымен науқас пен медициналық қызметкердің сұранысына бағытталған денсаулық сақтау жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Оның айтуынша, ақпараттық технологиялар әлемінде дәрігер коммуникациялық құралдарымен жарақтанып, кеңес берудің, диагностиканың және науқас жағдайын қашықтықтан бақылаудың формаларына көшуге мүмкіндік беретін тиімді компьютерлік бағдарламалармен пайдалана білуі керек.