Қазақстанның басқа аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Жамбыл, күндіз Атырау, Қостанай облыстарында кей жерлерде 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жекелеген жерлерде тұман болады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 0-2 градусқа дейін күн суытады.
Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Алдағы тәуліктерде Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының аумағындағы Сырдария өзенінде Шардара су қоймасынан болатын толқындардың есебінен су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.
Батыс Алтайдың жекелеген өзендерінде (Қара Ертіс, Обь, Бұқтырма және т.б.) жаңбырдың салдарынан су деңгейі көтерілуі мүмкін.