Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын мерекелеу белесінде біз осы жағымды жаңалықты Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев басында тұрған отандық дипломатияның салтанаты ретінде қабылдадық. Бұл жеңіске Мемлекет басшысының қосқан үлесі баға жеткізгісіз. Ол «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде ұсынған бейбітшілік пен келісімнің, соғыстар мен жанжалдарға жол бермеудің қағидаттары бүкіл әлемдік қоғамдастық тарапынан кең қолдау тапты.
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретіндегі жаңа жаһандық бастамалары жер бетіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға сүбелі үлес болып қосылса, бұл өз кезегінде, әлемдік қоғамдастық тарапынан қолдау табатынына сенімдіміз.