«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Президент пен Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық аренада жасаған алғашқы қадамдарын еске түсіруге шақырамыз.
1991 жылдың 31 желтоқсанында Мемлекет басшысының БҰҰ-ның Бас хатшысы Х.де Куэльярға Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдау туралы жолдаған өтініші.
Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Жарғысындағы міндеттемелерді өзіне жүктеу туралы декларация.
Назарларыңызға ҚР-ның әлемдік саяси аренада халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде атануының негізін қалаған құжаттар ұсынылады», - деп жазылған хабарламада.