ҚР-дың кейбір заңнамалық актілеріне ДСҰ-ға кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді
19:28, 27 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық заңнаманы Дүниежүзілік сауда ұйымы келісімдерінің нормаларына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.