ҚР ЭБЖМ: «Гайдар оқулары» Қазақстан мен Ресейдің дамуына қызмет етеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 14 ақпанда алғаш рет Гайдар оқулары өтіп, онда Қазақстан мен Ресей экономикасының даму болашағы талқыланады, деп хабарлайды ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметінен.

Шара «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, Экономикалық саясат институты және Е.Гайдар атындағы қор ұйымдастырып отыр. Гайдар оқулары - жетекші әлемдік сарапшыларды, теоретик және практик ғалымдарды, ғылыми-академиялық қоғамдастық, жоғары қаржылық орта мен бизнес-элита өкілдерін біріктіріп, тұрақты жұмыс жасайтын пікірталас алаңы. Дәстүрлі тұрғыдан аталмыш оқулар жаһандық және өңірлік экономиканың ең өзекті мәселелерін талқылауға арналған. Гайдар оқуларының жұмысына РФ Президентінің жанындағы Ресей ұлттық шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясының ректоры В.А. Мау, Ресей экономикалық мектебінің ректоры С. Дянков, Ресей Орталық банкінің бұрынғы төрағасы С.М.Игнатьев, РФ бұрынғы экономика министрлері Я.М.Уринсон және А.А. Нечаев және басқа да жетекші сарапшылардың қатысады деп жоспарланып отыр.