ҚР ЭДСМ Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрағасы болып Қайрат Әйтекенов тағайындалды

ТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінде жаңадан құрылған Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрағасы болып Әйтекенов Қайрат Медібайұлы тағайындалды, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысының 10 тамыздағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар туралы» Жарлығына сәйкес Экономикалық даму және сауда министрлігі құрылымында Кәсіпкерлікті дамыту комитеті құрылды.

ҚазАқпарат анықтамасы: Әйтекенов Қайрат Медібайұлы 1963 жылы туған, Алматы халық шаруашылығы институтының «еңбек экономикасы», ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғарғы мектебін «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1993-1996 жылдары аралығында Қостанай облысының басқару органдарында қызмет еткен. 1997-1998 жылдары ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде жұмыс істеді. 1998-2002 жылдары аралығында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымында қызмет еткен, Қоршаған ортаны қорғау комитетін басқарған. 2003-2006 жылдары - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі. 2006-2007 жылдары - ҚР Туризм және спорт вице-министрі. 2007 жылдан бастап «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Мемлекеттік органдармен жұмыс және операциялық қызметтер жөніндегі басқармасы төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. 2008 жылғы қарашадан бастап «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның басқарушы директоры - басқарма мүшесі болып тағайындалды. Сондай-ақ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Директорлар Кеңесінің төрағасы лауазымын атқарған.