Мемлекет басшысының 10 тамыздағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар туралы» Жарлығына сәйкес Экономикалық даму және сауда министрлігі құрылымында Кәсіпкерлікті дамыту комитеті құрылды.
ҚазАқпарат анықтамасы: Қалиев Асқар Ғаниұлы 1972 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген, сондай-ақ, Гранд Каньон университетінің (АҚШ) түлегі.
1995-2000 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінде қызмет еткен. 2000-2001 жылдары - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Сыртқы байланыстар департаменті Көпжақты ынтымақтастық басқармасының бастығы. 2001-2006 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы. 2006-2007 жылдары - «Экспортты кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Басқармасының төрағасы. 2007-2009 жылдары - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 2009 жылдан бастап «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақтаушы банкі» АҚ Басқармасының төрағасы қызметін атқарған.