20:53, 23 Сәуір 2009
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі жұмыс сапарымен Таразда болды
ТАРАЗ. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Сәрсенбі күні ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов жұмыс сапарымен Таразда болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауын талқылау мақсатындағы сапар барысында министр педагогикалық институттың оқытушыларымен, студенттермен, кәсіпкерлермен және құрылысшылармен кездесті. «Жол картасы» - деді Б.Сұлтанов, - еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралардың қисынды жалғасы. Онда артық шығынды қысқарту, жұмыспен қамтамасыз ету және халық табысын қолдауды қоса алғанда, бюджеттің әлеуметтік құрылымын күшейтуге, сондай-ақ дағдарыстан кейінгі дамуға жағдай жасауға ерекше мән берілген.Тауарлар сатып алу және бұдан басқа да ағымдағы шығындар орташа алғанда 30 пайызға дейін, мемлекеттік ұйымдардың жарғылық капиталын ұлғайту бағытындағы шығындар да айтарлықтай қысқарды. Жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезеңі біршама кейінге шегерілді.Студенттерді мемлекеттік қолдау үшін, ақылы негізде оқитын үшінші және одан жоғары курстың озат-студенттерін мемлекеттік білім грантына ауыстыру үшін Үкімет қосымша қаржы бөлуді көздеп отыр. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 2009 жылға ? 3 156 801 мың теңге, 2010 жылға ? 1 831 751 мың теңге, 2011 жылға ? 572 558 мың теңге бөлу көзделген.Елімізде техникалық сала мамандарының тапшылығына байланысты, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ есебінен 100 млн. АҚШ доллары (15 млрд. теңге) көлемінде қаржы бөлу белгіленген. Бұл қаржы техникалық, жаратылыстану және медициналық мамандықтарында «жақсы» және «өте жақсы» деген бағалармен ақылы негізде оқып жатқан студенттердің, сондай-ақ әлеуметтік әлсіз топ өкілдерінің бірінші курстан бастап ұзақ мерзімдік жеңілдетілген несиелер алуларына бағытталып отыр. Кездесу соңында министр дағдарыс қиындығына қарамастан еліміздегі білім беру жүйесі жақсы екпінмен дамып келеді, деп атап өтті. Еліміз үшін қазіргідей күрделі кезеңде оқып жатқан жастар мен оқу орнының педагогикалық құрамын қолдау үшін мемлекет барлық шараларды қарастырып жатыр. Қазіргі уақытта сауаттылық деңгейі жағынан Қазақстан әлемдегі 177 мемлекеттің ішінде 14-ші орында тұр. Білім беру жүйесі халықтың 30 пайызын қамтыған.