ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бұйрығы
Астана қаласы, 2011 жыл 2 желтоқсан, №411 бұйрық
Тауардың шығарылуын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы
«Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес
бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған тауардың шығарылуын растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. «Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 17 қарашадағы № 388 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6673 болып енгізілді, «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 3 ақпандағы № 35 (26437) нөмірінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте (Р.А. Сәтбаев):
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.
5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің
міндетін атқарушы А. Рау.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 9 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7372 болып енгізілді.