ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінде мемлекеттік органдардың қызметін бақылау-қадағалау жұмыстарын оңтайландыру мәселесі қаралды

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетовтің төрағалығымен экономиканы дамыту жөніндегі кеңес болып өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Кеңеске өңір әкімдерінің орынбасарлары, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының бастықтары, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдері қатысты.

Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырмалар берілді.