ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің бұйрығы.
Астана қаласы, 2012 жыл 19 қаңтар, № 14 бұйрық
Қадағаланатын саладағы /аядағы/ өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі әдістемені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 25-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қосымшаға сәйкес Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті (Ә.Ә.Бақаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің ресми интернет-ресурсында кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Министр Қ. Келімбетов
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 20 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7389 болып енгізілді.