ЭЖҚҚКА баспасөз қызметі хабарлағандай, «Халықаралық сапарлар» бағдарламасының қатысушысы М.Базгенова «Ақшалай қаражатты жылыстату кезінде жалған кәсіпорындарды пайдалануға және терроризмді қаржыландыруға қарсылық шаралары» тақырыбында дәріс оқып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.
19:39, 16 Қыркүйек 2010
ҚР Экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес агенттігінің өкілдері Қаржы полициясы академиясының профессорлық-ұстаздық құрамымен және тыңдаушыларымен кездесті
АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан Республикасының Экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес агенттігі Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу жөніндегі департаментінің қаржылық қылмыстарды ашу жөніндегі басқарма бастығы М.Базгенованың Қаржы полициясы академиясының профессорлық-ұстаздық құрамымен және тыңдаушыларымен кездесуі болып өтті.